Мектеп үйін 1985 жылы 1қыркүйекте Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау
экспидициясы пайдалануға берді.30 класс
комплектісіне,1176 орындық оқушы контигентіне арналған.Оқушылар құрамы 6 мектептен жинақталды.Негізінен мұнайшы балалар.
1985-1987 оқу жылында 27 класқа 816 оқушы қабылданып,оларға
60 мұғалім дәріс берді.
Мұғалімдер ауданның 12мектебінен жинақталды.Бозаев Сәкен мектеп
директоры,Кунбаев Оташ оқу ісі меңгерушісі,Қабдешева Нұржамал тәрбие ісі меңгерушісі,Сайханова
Гүлбарам мектептен және кластан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы қызметтерін атқарады.
1986-1987 оқу жылында Ю.Бабанскийдің оқу-тәрбие
процесін оптималандыру идеясы негізінде алғашқы тәжірибелік жұмыстар жүйесі жасалды.
Мектептегі алдыңғы қатарлы,тәжірибелі Омарғазиева
Алуа,Мұхтанова Зли,Әжмуратова Рахила, Карина Ғайша т.с.с. мұғалімдер сабақ құрылысының
тиімді әдісін таңдау,оқыту принциптері және оған қойылатын талаптар,оқыту
шаралар ұйымдастырып, өз тәжірибелеріндегі жаңа педагогикалық,психологиялық озық
жұмыстарын көрсетті.Оқу-тәрбие процесін оптималандыру үшін педагогикалық
консилиумды пайдалану тәжірибесі енгізілді.
1989жылы мектеп базасында Облыстық білім
беру басқармасы мен Облыстықмұғалімдер
білімін жетілдіру институты ұйымдастырған әдістемелік кабинет меңгерушілерінің
Облыстық кеңесінде мектептің педконсилиумды пайдалану практикасы жоғары бағаланды.
Нақты оқу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында
жеке оқушыны және класс коллективін зерттеу әдістерін меңгеріп ,оны басқа мұғалімдерге
үйретуге Елеусинова Маруся,Ержанова Ақжүніс,Марденова Қорлан,сияқты мұғалімдер
көп еңбек сіңірді.(ТОЛЫҒЫРАҚ КІРІП ҚАРАҢЫЗ)
Категория: Мектеп шежіресі • Комментариев: 0 • Просмотров: 3360
Мекен жайымыз:
Атырау облысыЖылыой ауданы Құлсары қаласы
Барлаушылар ықшам ауданы
Бейбітшілік көшесі Телефоны: 2-02-74 Электрондық адрес: mektep_1jylyoi@ok.kz