№1 жалпы
орта білім беретін мектеп бойынша заман талабына сай болашақта мектепті жаңа
үлгідегі оқу орнына айналдыру бағытындағы мақсатты шешу жолдарын
қарастырудағы мектеп басшысының мектеп
жұмысын жоспарлауы
Қазақ
санасының шамшырағы А.Байтұрсынов «Қазақша оқу жайлы» еңбегінде: «... әуелі
бізге елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десең,
болашақта билік те, халық та оқумен түзеледі» деген болатын. Бұл ұлағатты ойдың
құндылығы бүгінгі таңда айқын сезілуде және баланың білім алуына көптеген
факторлар да әсер етеді, оның ең бастысы:
1. Отбасы
2. Мектеп, мұғалім, оқу
жабдықтары
3. Қоғам (әлеуметтік жағдай)
4. Ақпарат құралдары
5. Қоршаған орта
Мектеп басқаруда осы факторларды
басшылыққа алып отыру керек. Болашағымыз-жаңа үлгідегі мектеп болғандықтан, оны
әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде дамыта білім беретін оқу орнына айналдыру,
оқушылар бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытатын жағдайлар жүйесін
құру, өзін-өзі дамытуға әрекет жасауға үйрету мақсаты тұр, сонымен қатар
міндеттерімізді де айта кеткеніміз жөн.
-әрбір баланың жеке
ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып, шәкірттердің шығармашылығын өз бетімен іске асыруына жағдай жасау
-өз қабілетін нақты бағалауға,
жергілікті қажеттілікке байланысты
келешек мамандығын сапалы түрде таңдауға көмек көрсету
-мемлекеттік үлгіге сай 12 жылдық
білім жүйесіне ене отырып, кәсіби маманданған орта білім алуын қамтамасыз ету.
Ендеше, әр
оқушыға терең білім мен сапалы тәрбие беріп қана қоймай, олардың бойындағы табиғи қасиетін ашып, өнегелі ұрпақ ретінде қалыптастыруда ең басты негізгі
3 міндетті естен шығармаймыз:
1. Әр оқушыға, әр жеке
балаға деген сүйіспеншілік
2. Оқу-тәрбие процесінің
жоғары деңгейде өтілуіне қол жеткізу және жоспарлы жұмысты аяғына дейін
жеткізуде белсенділік көрсетіп, кез-келген кедергіге қарсы тұра білу.
3. Ұстаздар қауымының
имиджін арттыру, әдіскерлік көмек көрсете отырып, олардың шеберлігін шыңдау.
Мектепте әрбір мұғалімнің
ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыспен айналысуына, жаңа педагогикалық
инновацияларды меңгеруіне және енгізуіне жағдайлар қарастырылған. Десекте,
заман талабына сай мектептің материалдық базасын жедел нығайту керек деп
есептеймін. Мұғалімдердің дені жастар. Биыл 28 мұғалім санат алуға өтініш
білдіріп отыр. Педагогикалық мамандар-113. Жоғары санатты-7, І санатты-20, ІІ санатты-37,
санатсыз-49. Жоғары және І біліктілік санаттағы мамандар пән бойынша «Шеберлік
мектебі» жұмысына қатысып, өз іс-тәжірибелерін талқылап, әріптестерінің
пікірімен санасып, педагогикадағы және ғылымдағы жаңалықтармен бөлісіп отырады.
Мектепте мұғалімдер саны-113, бала саны-1257.
Мұғалімдер мен оқушылардың аудандық, облыстық сайыстарға қатысу белсенділігі жоғары.
Мектеп
жұмыс басқаруда мектеп басшысы әділ шешімдер қабылдай білуі тиіс. Дұрыс шешім
ұжымды іскерлікке ынталандырады, нәтижесінде:
1.Мұғалімдер мен оқушылар
ұжымының құзырлығы артады.
2.Ұжымда әлеуметтік-психологиялық климат жақсарады.
3.Педагогтардың әлеуметтік-психологиялық
белсенділігі өседі
4.Мектепті басқару ісіндегі шараларға
мұғалімдер, оқушылар,
ата-аналар қатысады.
5.Мектепте шешілмейтін келеңсіз жағдайларға
орын
берілмейді.
6.Мектеп басшылары мен ұжым мүшелері
арасындағы
түсіністік артады.
Мектепішілік
бақылау мен басшылықтың дұрыс жолға
қойылуының
нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып,
мектеп жылдан жылға жоғары жетістікке қол жеткізіп
отырғанына төмендегі көрсеткіштер дәлел:
Десекте, әлі де олимпиада, МАБ-тан
көрсеткіштерді
жоғарылату бағытында жұмысты күшейтуіміз
қажет.
1. Мектебіміздің биылғы оқу
жылында аудан көлемінде бірінші рет мектеп сайты құрылды. 1 mektep.tk адресі бойынша интернет желісінде жасақталды.
Бұл сайтта мектептің өндірістік жоспары, жалпы жұмыс жоспарлары, мектепішілік
тәрбиелік жұмыстар, өткізілген шаралар,
мұғалім жетекшілігімен ұйымдастырылған оқушылардың ғылыми жоба жұмыстары
енгізілді. Әлі де алдағы уақытта мектеп сайты материалдармен толықтырылып
отырады.
2. Мектептің өндірістік
жоспарына биыл ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында енгізілген білім беру сапасын арттыруға
міндеттелген тапсырмаларды орындау бағытында жұмыстар белгіленді.
3. 2011 оқу жылынан бастап
іс қағаздарына, әсіресе оқу ісі орынбасарлары тоқсандық білім сапасын,
бақылау-сауалнама қорытындыларын жаңа электронды түрде қабылдап, өз жұмыстарын
жандандыра түсуде. Алдағы жылдары оқу процесіндегі, оқушылардың іс-қағаздарын
түгел электронды нұсқада жасақтауды жоспарлап отырмыз.
4. Мұғалімдер жаңа
ақпараттық технология, интерактивті тақтамен жұмыс жасайды. Білім
жетілдіру курсынан жіті өтуін қадағалап
отырамын.
5. Ата-аналар жиналысы
он-лайн үлгісінде жүргізіледі
Интерактивті түрде байланыс орнатылады
6. Мектеп 1985 жылы
салынған. Толықтай күрделі жөндеуді қажет етеді. Материалдық базаның төмендеуі
ол да оқу процесіне әсері болады. Сондықтан барлық кабинеттерге сұраныс беріп
отырмыз. Биыл биология кабинеті алынуда.
Күрделі жөндеуге ақаулық ведомость дайындап, тапсырып отырмыз. Медициналық
кабинеттің лицензиясы алынды, талапқа сай жабдықталды.
7. Сондай сабақтан тыс биыл
2 секция (тоғызқұмалақ, баскетбол) жұмыс жасайды.
8. Мектептің білім сапасын көтеру мақсатында 2010 жылдан бастап
бастауыштан гимназия сыныптарын аштық. Биыл 4 гимназия сыныптары ашылды. Оған
білікті ұстаздар тағайындалды.
9. Мектептің акт залын түлектердің, мұғалімдердің
күшімен
қайтадан безендірдік.
10. Демеуші көмегімен мектеп музейін жасақтадым.
200 000
теңге
көлемінде қаражат жұмсалды. Әлі де толықтыруды
қажет
етеді. Сұраныс берілді.
11. Мектеп асханасы жөнге
келтірілді. Безендіру жұмыстарын әлі де қарастырамын. (демеуші іздестірудемін)
12. Сондай-ақ жылына 2 кабинеттен мұғалімдердің көмегімен
талапқа сай жасақталуда. Барлық терезелерге жалюз алынуда.
13.Мұғалім формасы талап
етілуде. Қазір 25 мұғалім форма тіктіруде. Алдағы оқу жылында түгел формаға
көшеді
14.Мектеп дәліздерін гүлдендіру, эстетикалық талапқа сай безендіру
жұмыстарына көңіл бөлінуде.
Мектеп директоры: Г.Сасаева